
фото: pixabay.com
Қостанай тұрғыны 600 еуро аудара жаздады
Әйел адам Польшада жоғары жалақы төленетін бос жұмыс орны туралы хабарламаға жауап берген
Шетелге жұмысқа орналастырмақ болған алаяқ қостанайлық әйелден 600 еуро талап еткен.
Қостанай облысында киберполиция мен банк қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жергілікті тұрғын ірі көлемдегі қаржысынан айырылып қалудан аман қалды.
Әлеуметтік желі арқылы жұмыс іздеген әйел Польшада жоғары жалақы төленетін бос жұмыс орны туралы хабарламаға жауап берген. Жұмыс беруші ретінде өзін таныстырған алаяқ хабарласқан бойда құжат рәсімдеу үшін 600 еуро көлемінде алдын ала төлем жасауды талап еткен.
Күдікті қаржылық транзакцияны байқаған банк мамандары киберполицияға жедел хабар берген. Нәтижесінде ақша аударымы уақытылы тоқтатылып, алаяқтардың әрекетіне тосқауыл қойылды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через