Ресми тіркелмеген смартфондар бұғатталады

Ресми тіркелмеген смартфондар бұғатталады
фото: pixabay.com

Егер қолыңыздағы смартфон әлі тіркелмеген болса, асығыңыз! 25 мамырдан кейін ресми тіркеуден өтпеген құрылғылар бұғатталады.  Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Биыл наурыздан бастап Қазақстанда смартфондарды IMEI-код арқылы тіркеудің жаңа тәртібі енгізілген. Осыған сәйкес, барлық құрылғы үш санатқа бөлінеді: ақ, сұр және қара тізім. 

Егер құрылғыңыз қара тізімге енсе, онда ол ұялы байланысқа қосылмай қалады. Сондықтан смартфон сатып аларда IMEI-кодты алдын ала арнайы порталдан тексеріп алған жөн. 

Қазір қазақстандық маркетплейстер сайттағы құрылғы сипаттамасында IMEI-кодты көрсету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл шара көлеңкелі нарықты азайтып, тұтынушыларды қорғауға бағытталған, - дейді цифрлық даму министрлігі.