Қонақүйлер енді өзіне "жұлдыз" бере алмайды. Бұдан Қазақстан не ұтады

Қонақүйлер енді өзіне "жұлдыз" бере алмайды. Бұдан Қазақстан не ұтады
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/amphotora

       Бүгінде Қазақстандағы қонақ үйлердің тек 5,7% ресми жұлдызды санатқа ие.

       Қазақстан қонақ үй саласындағы түбегейлі өзгерістерге дайындалуда. Алдағы уақытта жаңартылған орналастыру орындары классификациясының жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Бұл ескірген стандарттардан бас тартуға және "өздігінен жұлдыз беру" жағдайларын жоюға бағытталған. 

       Қазақстан мен Қырғызстанның бірлескен жобасы Азия даму банкі мен Дүниежүзілік туризм ұйымы қолдауымен жүзеге асырылып, қазіргі таңда Мәжіліс қабырғасында талқылануда.

       Бүгінде Қазақстандағы қонақ үйлердің тек 5,7% ресми жұлдызды санатқа ие. Бұл – сапалы қонақ үй қызметтеріне заманауи сұраныс аясында өте төмен көрсеткіш. Оған классификациядан өтуге ынталандырудың жоқтығы, аудиторлардың біліктілігіне қойылатын талаптардың жеткіліксіздігі және оның әсерінен сапаны объективті бағалаудың қиындау себеп болып отыр. 

       "Жаңа стандарт нәтижелі жүзеге асуы үшін Kazakh Tourism жүйенің бірегей операторы ретінде ұсынылады. Біз Қазақстан қонақүйлерінің жаңа стандартпен барынша қамтылуын қамтамасыз етеміз. Соңғы 3-4 жыл ішінде әзірленген жаңа қонақүй стандарты ерікті негізде, бірақ маңызды шектеулері болады. Біздің мақсатымыз – қызмет көрсету сапасын жақсарту және қазақстандық қонақүйлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Біз туристердің сенімін арттыруға және жүйенің ашықтығына баса назар аударамыз", – деп атап өтті Kazakh Tourism басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлы.

       Негізгі жаңалықтардың бірі – тиісті тексерусіз "жұлдыздарды" иемдену мүмкіндігін жою. Жаңартылған жүйеде қонақ үй үш жұлдызды ала алады немесе талаптарға сай келмесе, санаты болмайды.

       Рәсімдердің ашықтығы үшін жіктеу процесін цифрландыру да маңызды өзгерістердің біріне айналмақ. Реформа қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған және туристердің қонайқ үйлерге көңіл толу деңгейіне тікелей әсер етеді. Жаңа стандарт қонақ үйлер үшін бейімделген және жаңартылған талаптарды қамтиды. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету сапасын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар қонақ үй бизнесін бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді.

       https://informburo.kz/kaz