Қазақстанның өңірлері ЖІӨ бойынша қай елдермен теңеседі

Қазақстанның өңірлері ЖІӨ бойынша қай елдермен теңеседі
фото: pexels.com

«Қара қу, шаян және шортан» Telegram-арнасының сарапшылары ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) бойынша республикамыздың түрлі өңірлері қандай елдерге ұқсайтынын анықтап, қызықты зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Сапалы Қазақстан порталы.

 Елдердің/аймақтардың жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша рейтингі экономикалық даму мен азаматтардың әл-ауқатының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл көрсеткіш АҚШ долларымен көрсетіледі және елдегі бір адамға өндірілген тауарлар мен қызметтердің көлемін көрсетеді. Бұл көрсеткіштер әл-ауқат деңгейін бір-бірімен салыстыруға және халықтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудегі экономиканың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

 Әдетте, жан басына шаққандағы жоғары ЖІӨ өмір сүру деңгейінің жоғарылауын, сапалы медициналық көмек пен білімнің қолжетімділігін көрсетеді. Бұл одан әрі экономикалық даму мен әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал етеді.

Фото: pexels.com.

 «Қара аққу, шаян және шортан»  Telegram-арнасының Қазақстан аймақтарын жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша басқа елдермен салыстырды.

Нәтижесіне назар аударыңыздар, бұл сіз  үшін де қызықты болар.

Түркістан облысы 4,47 мың доллардан – Иордания мен Иранда осындай көрсеткіштер.

Жамбыл облысы, 5,64 мың доллар – Ирак, Сальвадор.

Жетісу облысы, $6,47 мың – Парагвай, Эквадор.

Қызылорда облысы, 7,53 мың доллар – Перу, Таиланд.

Шымкент, 7,58 мың доллар – Әзірбайжан.

Алматы облысы, $8,15 мың – Грузия, Босния және Герцеговина.

Солтүстік Қазақстан облысы, $10,74 мың – Доминикан Республикасы.

Ақмола облысы, $11,07 мың – Малайзия.

Ақтөбе облысы, $11,22 мың – Сербия.

Абай облысы, $11,23 мың – Науру.

Қостанай облысы, $12,68 мың – Қытай.

Маңғыстау облысы, $13,83 мың – Мексика.

Шығыс Қазақстан облысы, $14,10 мың – Ресей.

Батыс Қазақстан облысы, 14,56 мың доллар – Палау.

Павлодар облысы, $14,58 мың – Палау.

Қарағанды облысы, 17,34 мың доллар – Чили.

Астана, $22,30 мың – Уругвай.

Ұлытау облысы, $23,08 мың – Оман, Латвия.

Алматы, 27,56 мың доллар – Португалия, Литва.

Атырау облысы, 45,22 мың доллар – Франция, Андорра.

Бұл мемлекеттік мекеме ұсынған ресми ақпарат емес. Жеке сарапшылардың болжамы екенін естеріңізге саламыз.