
фото: ауылшаруашылығы министрлігі
Соңғы рет Қазақстан Вьетнамға астықты 2017 жылы жөнелткен болатын
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы көлемі 15 мың тонна қазақстандық жоғары сапалы бидайдың бірінші партиясын Вьетнамға жөнелтуді бастады, деп хабарлайды ауылшаруашылығы министрі.
Контейнерлік пойыз Ақмола облысының астық қабылдау кәсіпорындарынан жөнелтіледі. Жеткізу мультимодальды схема бойынша жүзеге асырылады. Алдымен, астық теміржол бойынша Достық – Алашанькоу шекара өткелі арқылы Қытайдың Ляньюнган халықаралық теңіз портына жеткізіледі, содан кейін теңіз кемелеріне тиеліп, Вьетнамның Hai Pong портына жіберіледі.
"Соңғы бес жылда ұлттық оператор Қазақстан үшін басым нарықты бекіту мақсатында Қытайға жыл сайын 200 мың тоннаға жуық астық жеткізді. Биыл біз жеткізу географиясын кеңейту арқылы экспорт көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Оңтүстік-Шығыс Азияға келетін болсақ, бұл нарық жоғары әлеуетке ие және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін перспективалы болып табылады", – деді "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы"ҰК" басқарма төрағасы Асылхан Джувашев.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық астықтың Вьетнамға соңғы жөнелтілуі 2017 жылы болды. Ол кезде көлемі небәрі 720 тоннаны құраған болатын.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через