Қазақстанда SIM-карталарды сатуға шектеу қойылмақ

Қазақстанда SIM-карталарды сатуға шектеу қойылмақ
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/ra-photos

       Цифрлық даму министрлігінің бұйрық жобасына сәйкес, соңғы пайдаланушының жеке басын сәйкестендірусіз тіркелген қазақстандық нөмірлерді пайдалану арқылы интернет-алаяқтықпен күресті күшейту жоспарланған. Осыған байланысты тіркеуге және жеке тұлғаны сәйкестендірусіз SIM-карталарды сатуға шектеу енгізу ұсынылып отыр. 

       Түзетулер күшіне енгеннен кейін абоненттік нөмірді тек байланыс операторларынан сатып алуға болады.

       Сонымен қатар ресми байланыс компаниялары мамандандырылған Call-орталық құрады, сол арқылы пайдаланушылар алаяқтық әрекеттер туралы жедел хабарлай алады. Бұл күдікті нөмірлерді бұғаттап, құқық қорғау органдарына қажет мәліметтерді жинауға мүмкіндік береді.

       Құжат 2025 жылғы 23 мамырға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

       https://stan.kz/