Қазақстанда кімдер айына миллионнан аса жалақы алады?

Қазақстанда кімдер айына миллионнан аса жалақы алады?
фото: https://www.istockphoto.com/ru/portfolio/NatalyaSam

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы бірінші тоқсан бойынша Қазақстандағы қызметкерлердің саны мен жалақысы туралы деректі жариялады.

Ең жоғары жалақы - 1 434 506 теңге, бұл қаржы қызметтері мен сақтандыру саласындағы қосалқы қызметпен айналысатындарға берілген.

Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да қосымша қызмет саласында жұмыс істейтіндер 1 329 063 теңге алған.

Жылжымайтын мүлік сатумен айналысатындар бірінші тоқсанда 1 248 068 теңге тапқан.

Басқару мәселелері бойынша кеңес беретіндерге 1 176 893 теңге жалақы төленген.

Миллионнан жоғары жалақы мына салаларда да тіркелді:

  • Құбыр көлігімен тасымалдау қызметі (1 055 692 теңге),
  • Сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру (1 045 041 теңге),
  • Теңіз және жағалау жүк тасымалы қызметі (1 042 752 теңге),
  • Әуе жолаушылар көлігі қызметі (1 032 605 теңге),
  • Су көлігі қызметі (1 026 145 теңге),
  • Әуе көлігі қызметі (1 022 311 теңге).

https://massaget.kz/