Қазақстанда 44 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанда 44 градусқа дейін аптап ыстық болады
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/tcsaba

       Қазгидромет 13, 14, 15 мамырға арналған ауа райы болжамын жарияладыі.

Иран аумағынан жылы ауа массалары ығысып, Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы болады. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, 15 мамырда күндізгі уақытта оңтүстік өңірлерде +35…+44°С, орталықта +35…+38°С, ал Ақмола облысында +30…+35°С-қа дейін аптап ыстық болады.

"Алайда батыс және солтүстік аймақтарға циклон мен атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде тіпті қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.