
фото: СС0 / Doris Jungo
Жоба жылына 500 мың тоннаға дейін қант өндіруді көздейді
Бүгін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның қатысуымен "Қазақстан – БАӘ" бизнес-форумының жабылу рәсімі өтті.
Бизнес-форум шеңберінде экономика салаларын қамтитын 5 млрд АҚШ долларына жуық сомаға 9 коммерциялық келісімге қол қойылды.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Qazaq Arab Sugar" ЖШС арасында Қазақстанда қант зауытын салу жөніндегі инвестициялық жоба бойынша келісімге қол қойылды", - деп жазылған ауыл шаруашылығы таратқан хабарламада.
Жоба жылына 500 мың тоннаға дейін қант өндіруді көздейді. Жалпы инвестиция көлемі 580 миллион АҚШ долларын құрайды.
Осы жоба аясында 800 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через