
фото: pexels.com
Қазақстанда балаларға зорлық көрсетуге қатысты қылмыстар саны жылдан жылға артып келеді. Осылайша, соңғы бір жылда елімізде 350-ден астам педофил сотталған, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы.
Жаза қатайтылғанымен, жағдай аянышты. Жақында үкімет кәмелетке толмағандарды зорлағандар мен өлтіргендерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды, ал Мәжіліс химиялық кастрацияны қолдануды ұсынды.
Педофилия – әлемнің көптеген елінде жиі кездесетін қорқынышты жағдай. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар мен жасөспірімдер психикасы өзгеруі мүмкін, денсаулығының сыр беріп, болашағына қауіп төнері сөзсіз. Сондықтан, сотталғандар арасындағы қылмыстың қайталануының жоғары деңгейін ескере отырып, бүкіл әлем бұл мәселені шешуге мүдделі.
Қазақстанда балалардың жыныстық зорлық көрсеткендер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 2014 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарының саны 3,5 мыңнан асты. Яғни, күн сайын 30-дан астам қазақстандық бала сексуалдық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, деп жазды liter.kz. Қоғамда дабыл көтерілді. Ол кезде үкімет әртүрлі жазалау шараларын, негізінен химиялық кастрацияны ұсынды. Педофилиямен күресудің бұл әдісінің тиімділігі ұзақ уақыт бойы талқыланды, ақыры, бірнеше жылдан кейін – 2018 жылдың қаңтарында – химиялық кастрация туралы заң күшіне енді. Сегіз айдан кейін бірінші педофилді кастрациялады.
Енді елімізде педофилдер өмір бойы бақылауда болады.
Мәжілісте таныстырылған «Құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы заң жобасында осындай норма бар. Қазір мұндай қылмыс жасағандар 8 жыл ғана есепте тұрады. Ал жаңа құжат шектеулерді жарты жыл сайын созып, өмір бойы бақылауда ұстауға мүмкіндік бермек. Жалпы заң жобасында қылмыс жасауы мүмкін деп танылған адамдармен жұмысты күшейту көзделген. Яғни адамның күнделікті өмірі мен тәртібі бақыланады. Егер күдікті әрекеттер байқалса, мектеп, балабақшаларға жоламау, түнде үйден шықпау сияқты шектеулер қойылуы мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через