
фото: Kazinform.kz
Новосібір мемлекеттік өлкетану музейінде сақталып келе жатқан ерекше жәдігер – әлем бойынша қаңқасы ең толық зіл. Оны жергілікті халық «Самсон» деп атап кеткен.
Қаңқаның ұзындығы – 5,5 метр, биіктігі үш метрден асады.
Ал жасы шамамен 40 мың жыл. Алып жануар плейстоцен дәуірінде тіршілік еткен.
Сондай-ақ көрмеде ресейлік суретшілердің туындылары мен сахналық костюмдер бойынша көрме ұсынылды.
Павлодар музейінде мұз дәуірінде тіршілік еткен алып бұғы сақтаулы тұр. Зілге пара-пар алып бұғының биіктігі 4-5 метр болған. Ал салмағы шамамен 700 килограм тартқан.
Сүтқоректі жануардың сүйектері 1972 жылы қазіргі Аққулы ауданының Жамбыл ауылы маңында, Ертіс өзенінің жарынан табылыпты.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через