
фото: pexels.com
Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тыйым салынған интернет-ресурстарға бағыттайтын QR кодтары бар жарнамалық парақшаларды таратты деген күдікпен әйел адамды ұстады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Полицияның мәліметінше, бұл жарнамаларда толық емес жұмыс уақытымен жұмыс ұсынылғаны көрсетілген. Алайда тергеу барысында көрсетілген сілтемелердің есірткі сатумен айналысатын мессенджерлік арналарға апаратыны анықталды. Күдіктіден ондаған парақша мен тапсырмалар алмасып отырған бірнеше ұялы телефон тәркіленді.
- Мұндай жарнамалар – азаматтарды заңсыз есірткі айналымына тартатын қылмыстық тізбектің бір бөлігі. Біз қала көшелерінде, аулаларда және халық көп шоғырланатын орындарда бақылауды күшейттік. Барша тұрғындарды қырағылық танытып, күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырамыз, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар өзге де адамдар мен мән-жайларды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Полиция егер сіз осындай жарнамаларды байқасаңыз, дереу "102" нөміріне хабар берулеріңізді сұрайды.
Көше, аула немесе мектептен күдікті зат тауып алсаң не істеу керек?!
⚠️Ол жарқыраған, ерекше, сымдары бар немесе батырмалары бар зат болуы мүмкін.
❌Көңілің ауып тұрса да ешқашан қолыңмен ұстама! Ашпа!
⚠️Бұл – қауіпті болуы мүмкін.
⁉️Не істеу керек? Ата-анаңа, мұғалімге немесе полиция қызметкеріне дереу айт.
✅Барынша сақтану – қауіпсіздік кепілі.
✅Сенің байқағыштығың басқа адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін!
✅Абай бол.
Сонда бәрі жақсы болады!
Ақпарат көзі Polisia.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через