
фото: Телеграм-канал kris_p_almaty_official
Облыстық полиция тергеу жүргізіп, сараптама жасап жатыр
Алматы облысы Жамбыл ауданында қайғылы жол апатынан 4 адам қайтыс болды, біреуі 13 жастағы жасөспірім.
Оқиға 28 мамырда "Алматы - Бішкек" күре жолында болған.
"Камаз-53212" маркалы жүк автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі көліктің тіркемесін ағытып жіберген. Тіркеме қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, "Gelly" көлігіне соғылған. Бұл көліктің рөлінде 24 жастағы жүргізуші отырған. Соқтығыстан "Gelly" көлігі "Kia Sporteg" маркалы автокөлігімен соқтығысады. Бұл көлікте 45 жастағы жүргізуші басқарған.
Оқиға салдарынан "Gelly" көлігіндегім жүргізуші мен осы көлікте отырған 45 жастағы әйел және 13 жастағы жасөспірім қыз оқиға орнында қайтыс болды. Жол апатынан қайтыс болған 4-ші адамның кім екені анықталып жатыр. Қайтыс болғандар осы аудан маңының тұрғындары.
Облыстық полиция тергеу жүргізіп, сараптама жасап жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через