Еуропада кедейлер көбейді

Еуропада кедейлер көбейді

фото: pexels.com

Былтыр Еуропалық Одақта кедейлік көрсеткіші артып, 93 миллион адам жоқшылық зардабын тартқан. Бұл халықтың шамамен 21%-і, деп хабарлады  24.kz. 

Еуропалық статистика қызметінің мәліметі бойынша тұрмыс жағдайының төмендеуіне табыс көзінің аздығы, материалдық және әлеуметтік салалардағы қиындықтар, сондай-ақ жұмыссыздық секілді факторлар әсер еткен. 

Әсіресе ең төменгі көрсеткіштер Чехия, Словения және Нидерландыда тіркелген. Одақ басшылығын Болгария, Румыния, Греция, Испания және Литвадағы ахуал да алаңдатып отыр.

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз