
фото: https://pixabay.com/ru/
ШҚО-да тұрғыны бас бостандығынан айырылды
Жаза өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзып, пробация қызметіне тіркеуге келмеген
Абай облысында келіні енесінің атына жасырын түрде 2,5 млн теңге несие рәсімдеген, деп хабарлады polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының 28 жастағы тұрғыны әлеуметтік төлемдер алу сылтауымен туысының бет-әлпет биометриясы мен жеке деректерін пайдаланып, банк қосымшасы арқылы бірнеше несие рәсімдеген. Ол осы заңсыз әрекеті үшін сот үкімімен екі жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.
Алайда сот шешіміне қарамастан және пробация қызметінің есебінде тұрған кезде ол бұл жағдайдан сабақ алмаған.
Жаза өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзып, пробация қызметіне тіркеуге келмеген, тексеріс кезінде тұрғылықты мекенжайында болмаған, сондай-ақ электронды бақылау құралын тағудан бас тартқан. Осы себепті оның бостандығын шектеу жазасы бір жыл үш ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
"Жазасын өтеу үшін сотталған әйел Абай облысындағы әйелдер колониясына жеткізілді. Қазіргі уақытта ол карантин бөлімінде, пробация қызметінде тұрған кезде сот шешімдерінің маңызын толық түсінбегеніне өкініш білдіруде. Ол бес баласына жақсы ана бола алмағанына өкінеді және бір күні балаларының кешіретініне үміттенеді", – деді арнайы есеп бөлімінің бастығы Светлана Голикова.
Сотталғаниәйел карантин мерзімі аяқталған соң пельмень цехына жұмысқа орналастырылып, жалақысынан сот үкімімен белгіленген өтемақыны төлейді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через