Елімізде 15 мың борышкер алимент төлеуден жалтарып жүр

Елімізде 15 мың борышкер алимент төлеуден жалтарып жүр
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/bymuratdeniz

Елде 15 мың адам алимент төлеуден жалтарып жүр. 

Олардың қарызы 19 млрд теңгеден асып жығылған. Қаржыны өндіріп алу үшін мәжбүрлеп орындату шарасы жүргізіледі. Қазіргі уақытта 1596 азамат әкімшілік, тағы 3-еуі қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Әділет министрлігі, Міндетті атқару комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда жеке сот орындаушылары борышкердің табысын қасақана жасыруының алдын алу үшін тиісті жұмыстар атқаруда. Биылдың өзінде алимент бойынша 1,6 млрд теңге өндіріп алынған.

Мақсат Балабеков, ҚР Әділет министрлігі міндетті атқару комитетінің төрағасы: 

- Проблемалық борышкердің санын азайту мақсатында сот орындаушылары жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе отырып, борышкерлерді жұмысқа орналастыру жұмыстар жүргізуде. Осылайша, жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің саны жыл сайын артып келеді. Ағымдағы жылы 1300-ден астам борышкер жұмыспен қамтылған. 

https://24.kz/kz