Елдегі барлық дәрілік зат міндетті таңбалауға жатады

Елдегі барлық дәрілік зат міндетті таңбалауға жатады
фото: https://zpp.rospotrebnadzor.ru

       Былтырғы 1 шілдеден бері елде өндірілген барлық дәрілік зат міндетті таңбалауға жатады. Дәрі-дәрмектерде бірегей «Дата Матрикс» коды болуға тиіс.

       Жаңа қадағалау тетігі олардың зауыттан бастап дәріханада сатылуына дейінгі бүкіл жолын қамтып отыр. Осылайша әрбір сатушы «Нақты Өнім» қосымшасы арқылы бірегей кодты сканерлеп, дәрінің заңдылығына қол жеткізе алады. Яғни оның атауы, саны, дозасы және өндірушісі туралы ақпараттарды алады. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары: «Мұндай цифрлық таңбалау дәрілік заттар айналымының ашықтығын қамтамасыз етеді. Жалған өнімдермен күресуге және азаматтардың денсаулығына төнетін қауіпті азайтуға ықпал етеді», – деп отыр.

       https://24.kz/kz