
фото: Сапалы Қазақстан
Бүгінгі күні еліміздің мәдени астанасы — Алматыда 12 театр, 35 кітапхана, 25 музей, 20-ға жуық кинотеатр мен өзге де мәдени ошақтар жұмыс істейді. Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат
Айта кетсек, Алматы әкімдігіне қарасты мекемелер қатарында — «Алатау» дәстүрлі өнер театры, Мемлекеттік қуыршақ театры, «Алматы әуендері» шығармашылық ұжымдары, Қазақ мемлекеттік циркі, 8 музейден тұратын Алматы музейлер бірлестігі, Мемлекеттік архив, Алматы хайуанаттар бағы мен Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне кіретін 28 кітапхана бар. Бұл ұйымдарда 2 мыңнан астам мәдениет қызметкері еңбек етеді.
Мәдениет басқармасының мәліметінше, алдағы уақытта Алматыда мәдени нысандардың саны артады. Атап айтқанда:
— Жуырда жастар театры мен жаңа көрме орталығының құрылысы басталады.
— Инклюзивті мәдениет үйінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.
— Боралдай қорғандарында Сақ мәдениеті орталығының құрылысы басталады.
— ТМД елдері ішінде алғашқы Балалар ғылым музейі мен Observatorium музейінің ашылуы, Райымбек батыр кешенін музейлендіру мен Алматы музейінің жаңа экспозициясын қалыптастыру жұмыстары басталады.
Сонымен қатар 2029 жылға дейін қалада өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесімен жабдықталған 20 жаңа кітапхана ашу көзделген.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через