
фото: gov.kz
Алматы қаласында 9 мамыр - Жеңіс күніне арналған түрлі мерекелік іс-шара өтеді, деп хабарлайды қала әкімнің баспасөз қызметі.
Алмалы ауданы
9 мамыр күні сағат 12:00-де Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының алаңында Жеңіс күніне арналған мерекелік концерт өтеді.
Медеу ауданы
9 мамырда сағат 09:30-да 28 Панфилов саябағында Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылады. Сонымен қатар осы күні сағат 16:00-де Медеу ауданының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік іс-шара өтеді.
Мереке күні 9 мамырда еріктілер "Жеңіс лентасын" таратады.
Бостандық ауданы
9 мамыр күні сағат 11:00-де Family park аумағында әскери-инженерлік институттың үрмелі оркестрінің қатысуымен "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды" атты мерекелік концерт өтеді.
Алатау ауданы
"Алатау" дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда Жеңіс күніне (9 мамыр) арналған концерттік бағдарлама өтеді.
Түрксіб ауданы
9 мамыр күні сағат 11:00-де Сәкен Сейфуллин атындағы саябақта Жеңіс күніне арналған қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт, эстрадалық-симфониялық оркестрдің қойылымы және дәстүрлі сарбаз ботқасы бар ардагерлерге арналған мерекелік түскі ас өтеді.
Материал Informburo.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через