Алматы облысында айып тұрағындағы көлік тоналған

Алматы облысында айып тұрағындағы көлік тоналған
фото: https://pixabay.com/ru/

Көлік әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған

​​Алматы облысы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде айып тұрағындағы тәркіленуге жатқызылған мүліктерді тонау фактісі анықталды, деп хабарлады бас прокуратура.

Атап айтқанда жалпы құны 100 млн теңгеден асатын "Volvo FH" маркалы жүк көлігі әкімшілік іс бойынша тәркіленіп, мемлекет кірісіне өндірілуі керек болған. Алайда сақтауда тұрған кезде аталған жүк көлігі бөлшектеліп, ұрланған.

Сонымен қатар, тәркіленуге жататын басқа да мүлікті жасыру фактісі ашылды.

"Қылмыстық іс аясында құны 8 млн теңге болатын "Mercedes E350" маркалы көлік күдіктінің әкесіне сақтауға берілген. Кейіннен сот бұл көлікті мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім шығарған. Бірақ соттың шешіміне қарамастан, күдіктінің әкесі сақтау міндетін орындаудан бас тартып, көлікті жасырып қойған", - деп жазылған хабарламада.

Анықталған бұзушылықтар туралы сотқа дейінгі тергеу органдарына түпкілікті шешім қабылдау үшін құжаттар жолданды.

ҚазАқпарат