2,8 мың жас маман "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша баспана ала алады

2,8 мың жас маман "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша баспана ала алады
фото: https://www.uralskweek.kz/

       Ауылға жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 25 млрд теңге қарастырылып отыр.

        "Дипломмен ауылға" бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

       Экономика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше 2025-2027 жылдары "Дипломмен ауылға" бағдарламасы ауылдық аумақтарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуді жалғастырады.

       "AMANAT" партиясының 2003-2007 жылдарға арналған "Халықпен бірге" сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде ауылдық жерге жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 2025 жылы 25 млрд теңге қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.