
фото: pexels.com
Ел тарихында алғаш рет жол салуға қажетті 79 жаңа материалға далалық сынақ жүргізіледі. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгінгі таңда цифрлық және технологиялық шешімдер әзірленіп, тәжірибеге енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, жол қозғалысын тоқтатпай-ақ көпір құрылымдарын экспресс-диагностикалауға мүмкіндік беретін мобильді жүйелердің іске қосылуы басталды.
Бұдан бөлек, ел тарихында тұңғыш рет 79 жаңа материалдың далалық сынағы жүргізіледі. Бұл ең тиімді шешімдерді іріктеп, енгізуге мүмкіндік береді. Superpave технологиясы бойынша жол жамылғыларын жобалаудың халықаралық стандарттары енгізілмекші, — деді Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Комитет өкілінің айтуынша, соңғы жылдары отандық ғалымдар мен инженерлердің бастамасымен бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылды.
— Атап айтқанда, жаңа буынға арналған көктайғаққа қарсы реагент, жол белгілеуге арналған органо-ерітінділік бояу, полимер-битумды байлағыш дайындауға арналған құрылғы сияқты бірегей әзірлемелер жасалды, — деді Анар Ғабдуллина.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через