
фото: https://pixabay.com/ru
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орманда сейіл құрып, табиғат аясында демалыс өткізудің шарттарын түсіндірді.
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында қазақстандықтарға үндеу тастаған министр биыл өрт қаупі жоғары болғандықтан, орманда сейіл құрудан шектелуді сұраған болатын.
БАҚ өкілдері орманда табиғат аясындағы демалыс өткізуге нақты қандай шектеу қойылып отырғанын сұрады.
— Орманда мүлдем демалуға болмайды емес. Арнайы белгіленген орындар бар, сол жерлерде ғана демалу керек. Бұл мәселелерді реттейтін нормативтік-құқықтық актілер бар. Мемлекеттік табиғи парктердің бәрінде аншлагтар бар. Сол жерден қай жерде демалуға болатынын, қай жерде болмайтынын білуге болады. Сондықтан орманда жаппай демалуға тыйым салып жатқан жоқпыз. Бәрі қолданыстағы заңнама аясында болу керек, — деді Ерлан Нысанбаев.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через