
фото: https://pixabay.com/ru/
Қазақстан аумағында үйірлі шегірткелердің таралуы мүмкін жер көлемі 2,1 млн гектарды құрайды
Жамбыл және Түркістан облыстарында шегіртке дернәсілдері таралуына байланысты 200 мың гектарға жуық жер өңделді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Фитосанитарлық іс-шаралар барысында 535,04 мың гектар жер тексеріліп, оның 227,7 мың гектары зиянкестермен залалданғаны анықталды. Оның ішінде, экономикалық зияндылық шегінен асатын аумақ 195,5 мың гектарды құрады.
189,1 мың гектар жер өңделді, оның ішінде:
Жамбыл облысында – 0,7 мың гектар,
Түркістан облысында – 188,4 мың гектар.
Жұмысқа 287 дана арнайы жерүсті бүрку техникасы, 4 ұшақ және 980 маман тартылды. Өңдеу агротехникалық тұрғыдан тиімді мерзімде, жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізілуде.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануының алдын алынып, шегірткелердің көршілес мемлекеттердің шекаралас аумақтарына көшуіне жол берілмеді", - деп жазылған хабарламада.
Болжам бойынша, Қазақстан аумағында үйірлі шегірткелердің таралуы мүмкін жер көлемі 2,1 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн гектарға аз.
Қарсы күрес іс-шараларына 443 дана бүрку техникасын жұмылдыру жоспарланып отыр. Өңірлерде жедел штабтар құрылып, іс-шара жоспарлары мен жол карталары әзірленді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через