
фото: © AFP 2024 / Noel Celis
Олар білім беру саласында жұмыс істемеген адамдарға жалақы аударып 550 млн теңге сомасында бюджет қаражысын жымқырған деп айыпталды
Түркістан облысында Сарыағаш аудандық білім бөлімінің басшылары мен бухгалтерлерге қатысты сот үкім шықты, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы аударып 550 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
"Аудандық білім бөлімінің басшылары Ақатов пен Майрихов 7 жылға, Үсіпбеков 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал бухгалтерлер бас бостандығынан айыру, шартты түрде бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазаларға тартылды", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазым қызметте, сондай-ақ қаржы ұйымдарында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через