Түркістан мен Орал қалаларында "Жас құтқарушылар" кадет сыныптары ашылды

Түркістан мен Орал қалаларында "Жас құтқарушылар" кадет сыныптары ашылды
фото: Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі

Салтанатты шарада оқушылар ант қабылдап, арнайы куәліктер алды

Қазақстан өңірлерінде "Жас құтқарушылар" кадет сыныптары ашылып жатыр, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

"Бұл бастама жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, құтқарушы мамандығына деген қызығушылықты арттыруға және жауапкершілігі мол, кәсіби дайын азаматтарды тәрбиелеуге бағытталады", - делінген хабарламада.

Кадет сыныптары Түркістан мен Орал қалаларында салтанатты түрде ашылды.

Батыс Қазақстан облысында кадет сыныбы Орал қаласының № 40 мектебінің базасында "Құтқарушы болу — үлкен батылдықтың көрінісі" ұранымен ашылды. Сыныпқа 8 бен 11-ші сыныптардың 20 оқушысы қабылданды.

Салтанатты шарада оқушылар ант қабылдап, арнайы куәліктер алды.

ҚазАқпарат