“Таза Қазақстан”: Ортақ мүдде мен жаһандық жауапкершілік

“Таза Қазақстан”: Ортақ мүдде мен жаһандық жауапкершілік
фото: https://www.gov.kz/

“Таза Қазақстан”: Ортақ мүдде мен жаһандық жауапкершілік

 Алматы қаласында “Таза Қазақстан: табиғат пен ұлттың бірлігінде” атты экологиялық-мәдени іс-шара сәтті өтті. Бұл ауқымды жиын – Қазақстандағы экологиялық қозғалыстың жаңа кезеңін білдіріп қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаңға айналды.

Іс-шара “Байтақ” Жасылдар партиясының бастамасымен ұйымдастырылып, оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген партия мүшелері, қоғам қайраткерлері мен Мұхтар Шаханов, Асылы Осман бастаған зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Сонымен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолия елдерінің Жасылдар партиясы

 өкілдері арнайы делегациялармен келіп, шараның халықаралық маңызын арттырды. Орталық Азия мен Еуропа елдерінің дипломатиялық және ресми өкілдерінің қатысуы экологиялық жауапкершіліктің ортақ екенін айқын көрсетті.