Шымкент әкімінің орынбасарына оқ атылды

Шымкент әкімінің орынбасарына оқ атылды
фото: https://pixabay.com/ru/

Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке ота жасалды, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

"Шымкент қаласы әкімінің орынбасары оқ жарақатымен қалалық ауруханаға түсті. Оған шұғыл операция жасалды", - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Басқарманың мәліметінше, ота барысында қан кету тоқтатылды, жарақаттанудан болған зақым қалпына келтірілді. Өміріне қауіп жоқ.

Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Берденов дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алуда.

Еске сала кетейік, 21 сәуір күні кешке Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған. Күдікті қамауға алынды.

Берденов 2025 жылдың ақпанында Шымкентке әкімнің орынбасары болып барды, оған дейін Мәжіліс депутаты болған.


ҚазАқпарат