Шетелдік компаниялар Шымкентте жылыжай кешендерін салуға инвестиция құюға ниетті

Шетелдік компаниялар Шымкентте жылыжай кешендерін салуға инвестиция құюға ниетті
фото: Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі

Президент Шымкент қаласының кәсіпкерлерімен кездесті

Мемлекет басшысы Шымкенттегі сауда-логистика орталығы мен ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығын аралады.

Аумағы 24 мың шаршы метрді құрайтын көп функционалды кешен құрылысына жеке инвестор 14,8 млрд теңге қаржы құйған.

Орталық өнім сақтаудың озық технологиясымен жабдықталған. Атап айтқанда, тез бұзылатын азық-түлікті ұзақ сақтамай, барынша жедел таратуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілген.

Президент ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін де аралап көрді

Қаладағы 50-ге жуық өңдеуші кәсіпорын былтыр 168,5 млрд теңгенің өнімін шығарған.

Жылыжай кешендерін салуға түркиялық Alarko Holding компаниясы 650 млн доллар, ал Польшаның Fabe Polska SP кәсіпорны 136 млн доллар көлемінде инвестиция құюға ниетті.

Айта кетері, Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкентте жүр. Бұған дейін президент Шымкент әуежайының жаңа терминалын аралап көргені хабарланған болатын.

ҚазАқпарат