
фото: Қазақстан Премьер министрінің баспасөз қызметі
Қазіргі кезде 19 вагонның алтауы құрастырылып жатыр
Астанадағы қоғамдық көлік қозғалысына жауапты "CTS" компаниясы Қытайда құрастырылып жатқан LRT вагондарын көрсетті.

Қытайда LRT вагондарын құрастыру жұмыстары басталды
© Photo : "CTS" компаниясының баспасөз қызметі
Қазіргі кезде 19 вагонның алтауы құрастырылып жатыр.
"Соның ішінде екі вагонға бояу жұмыстары, терезелер мен есіктерді орнату, ішкі әрлеу, еден мен шатырды жабдықтау, ауа баптау жүйесі, жарықтандыру, мультимедиа және мониторлар орнату сияқты негізгі жұмыстар аяқталды. Осыдан кейін доңғалақ жұптары, аспа жүйесі мен жүріс бөлігіне монтаж жасалады", - дейді компания мамандары.
LRT пойыздары GOA 4 деңгейіндегі автоматтандыру жүйесімен жабдықталады. Жүргізуші болмайды. Автоматты жүйеге пойыз қозғалысын басқаруға, техникалық жағдайды бақылауға және пойыздар арасындағы қашықтықты сақтауға мүмкіндік береді.

Айта кетері, алғашқы вагондар Астанаға қыркүйек айында жеткізіледі деген жоспар бар. Одан кейін сынақтан өткізу жұмыстары басталады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через