Қазақстанда теміржол желісінің 57% тозған

Қазақстанда теміржол желісінің 57% тозған
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/rdonar

       Теміржол көліктері тозып тұр. Саладағы инфрақұрылым да көңіл көншітпейді. 

       Әсіресе, жолаушылардан шағым көп. Дегенмен, сең енді қозғалғандай. Жауаптылар секторды жаңғыртуға ниетті. 

       Бес жылдың бедерінде 11 мың шақырымнан аса теміржол жөнделіп, құрылыс қарқын алады.

       Дегенмен, құзырлылар қол қусып отырған жоқ. Бес жылдың бедерінде 11 мың шақырым жолды жаңғырту жоспары бар. Меже орындалса, тозу деңгейі төмендейді. Қазірдің өзінде 1500 шақырым жол жөнделіп жатыр. Сондай-ақ жаңа құрылыс та қарқын алып, салаға серпіліс сыйлайды.

       Темір жол көліктері де тозып тұр. Жолаушылар вагондарының – 44, локамативтердің 61%-і ескірген. Олқылықтың орнын толтыру үшін жыл соңына дейін 226 жаңа вагон сатып алынады. Меже орындалса, тозу деңгейі 38%-ке дейін азаяды. 

       Айтайық, былтыр 21 млн-ға жуық жолаушы теміржолмен сапарлаған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5%-ке артық. Ал биыл 22 млн жанға қызмет көрсетіледі. Жүк тасымалдау көлемі де көбейіп келеді. Айтайық, жалпы жүктің 80%-і теміржолдар арқылы жеткізіледі.

      https://24.kz/kz