Қазақстанда қар жауып, -8 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда қар жауып, -8 градусқа дейін аяз болады
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/Ekspansio

Синоптиктер 22, 23 және 24 сәуір күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатыны жөнінде болжам жасады.

Қазақстандағы ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі: жаңбыр, найзағай, түнде солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, кейін қарға ұласатын жауын-шашын болжанып отыр.

"Тек Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл, түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі", – деді синоптиктер.

Ауа температурасы болжамы

Синоптиктердің болжамынша, түнгі уақытта үсік жүруі мүмкін:

  • 22 және 24 сәуір – Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында -3°С дейін;
  • 22 сәуір – Қарағанды облысында -1°С дейін;
  • 22–23 сәуір – Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында -1°С-тан -8°С-қа дейін;
  • 24 сәуір – Ақмола және Қостанай облыстарында -1…-3°С дейін суытады.

https://kaz.tengrinews.kz/