Қазақстанда орташа жылдамдық өлшенетін автомобиль жолдары белгілі болды

Қазақстанда орташа жылдамдық өлшенетін автомобиль жолдары белгілі болды
фото: "ҚазАвтоЖол"

7 жолға автоматты жүйе арқылы орташа жылдамдықты реттеу енгізілді. 

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің мәліметінше, Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қозғалыстың орташа жылдамдығын бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді.

Орташа жылдамдық бақыланатын учаскелер:

1. Астана — Щучинск (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);

2. Астана — Павлодар (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);

3. Шымкент — Қызылорда (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ);

4. Шымкент — Тараз (жылдамдыққа шектеу 110 км/сағ);

5. Павлодар — Семей — Қалбатау (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ);

6. Орал — РФ шекарасы (Саратов) (жылдамдыққа шектеу 100 км/сағ);

7. Павлодар — РФ шекарасы (Омбы) (жылдамдыққа шектеу 100-110 км/сағ).

"Қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында және айыппұлдардың алдын алу үшін жылдамдық режимін сақтаңыздар", — делінген хабарламада.

https://stan.kz/