Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс жыл басынан бері 6,7%-ке өсті

Қазақстанда өнеркәсіптік өндіріс жыл басынан бері 6,7%-ке өсті
фото: https://ortcom.kz/

Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісі биыл қаңтардан наурызда 6,7%-ке өсті, деп хабарлады Еуразиялық даму банкі.

Қаңтар - ақпан айында көрсеткіштер 5,9% деңгейінде болды. Ал машина жасау саласы өнеркәсіптің өсуіне 1,5% үлес қосты.

Сондай-ақ индустриялық сектор динамикасының өсуіне теңіз кен орындары да әсер еткен, биыл кен орнында шикізат өндіру көлемі 3,7%-тен 7,4%-ке дейін өскен.

ЕАДБ ЕАЭО-ның басқа елдері бойынша да деректерді ұсынды. Мысалы, Қырғызстанның жалпы ішкі өнімі 2025 жылғы қаңтар-наурызда 13,1%-ға дейін өсті.

"Экономикалық белсенділікті кеңейтуде құрылыс секторындағы шығарылымның өсуі шешуші рөл атқарды. Біздің бағалауымызша, оның жалпы ішкі өнім динамикасына қосқан үлесі биылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда қаңтар - наурыз айларында 10 есеге дейін өсті. Өңдеу секторларында өндіріс көлемінің өсуін жеделдету қосымша әсер етті, бұл негізінен мұнай өнімдері (1,9 есе) мен тамақ өнімдері өндірісінің ұлғаюымен байланысты", - делінген Еуразиялық даму банкі хабарламасында.

Ресейде инфляция баяулап, экономикалық белсенділік қалыпты өсуде. Инфляция сәл көтерілді: наурызда 12,9% болса, сәуірде 13,1%. Тұтыну бағасы үшінші ай қатарынан баяу өсіп келеді.

https://sputnik.kz/