Қазақстанда 37 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда 37 градусқа дейін ыстық болады
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/solidcolours

       Синоптиктер  27 және 28 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады.

       Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады

       Болжам бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр, найзағай, жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

       27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, 28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

"Республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұман түседі. 26 сәуірге қараған түні Абай облысында, 26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус үсік жүреді деп күтіледі", - дейді синоптиктер.

       Ауа температура қандай болады?

  • Батыс Қазақстанда түнде ауа температурасы 10-15 градустан 2-10 градусқа дейін төмендейді, күндіз 20-27 градустан 6-14 градусқа дейін төмендейді.
  • Оңтүстік-батыста түнде 12-20 градустан 7-15 градусқа дейін төмендейді, күндіз 20-30 градус жылы, 28 сәуірде 10-18 градусқа дейін төмендейді.
  • Солтүстік-батыста түнде 10-17 градустан 7-12 градусқа дейін, күндіз 20-28 градустан 12-22 градусқа дейін төмендейді.
  • Солтүстікте түнде 5-10 градустан 10-17 градусқа дейін жоғарылайды, күндіз 21-28 градустан 18-23 градусқа дейін төмендейді.
  • Орталықта түнгі температура 5-15 градустан 12-17 градусқа дейін өзгереді, күндіз негізінен 23-30 градус жылы.
  • Шығыста түнде 1-8 градус жылы, солтүстік-шығыста 1-3 градус үсік болуы мүмкін, кейін 10-15 градусқа дейін жылынады, күндіз 20-27 градустан 23-31 градусқа дейін көтеріледі.
  • Оңтүстікте түнде 15-20 градустан 17-23 градусқа дейін, күндіз 28-33 градустан 32-37 градусқа дейін көтеріледі.
  • Оңтүстік-шығыста түнде 5-17 градустан 10-20 градусқа дейін жоғарылайды, күндіз 22-30 градустан 27-35 градусқа дейін көтеріледі.

https://kaz.tengrinews.kz/