
фото: https://www.istockphoto.com/ru/portfolio/alan64
Қазақстандықтар орташа есеппен ай сайын коммуналдық қызметтерге 28 мың теңге төлейді.
Мәселен ауданы 85 шаршы метр пәтерді есептегенде осындай сома шығады және бұл коммуналдық шығын тұрғындардың орташа жалақысының 5–10%-ынан аспайды. Салыстырмалы түрде айтсақ, ресейліктер ай сайын коммуналдық қызметтерге біздегіден екі есеге жуық - 8 800 рубль немесе 50 600 теңге шығындалады. Бұл Ресейдегі орташа жалақының 16%-ы. Әзербайжанда орташа айлық жалақы біздің елдегіден 20% төмен болса да тұрғын-үй коммуналдық қызметтерінің құны біздікіне тең. Көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан тұрғындары айлығының 8–9%-ын коммуналдық қызметтерге жұмсайды.
Қаңтар айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елімізде жаңа тарифтік саясатты іске асыру жалғасатынын әрі баға нарық шарттарына сәйкес келуі керектігін айтқан. Олай болмаса электр қуаты, жылу мен суды үздіктіз жеткізу мүмкін емес. Елде 2029 жылға дейін жаңа электр станцияларын іске қосу, жылумен, электр қуатымен, сумен қамту және құбырлар желісін жаңғыртуға 15,1 трлн теңге бағыттау жоспарланған. Шығындардың бөлігін қаржылық тұрақтылығы жоғары өңірлерде тарифтерді көтеру есебінен жабу көзделіп отырғанын айта кету керек.
Коммуналдық қызмет тарифі
Қазақстан / ₸28,7 мың / Орташа айлық жалақының 5-10%; Ресей / ₸50,6 мың / Орташа айлық жалақының 16%; Әзербайжан / ₸29,1 мың / Орташа айлық жалақының 13%; Қырғызстан, Өзбекстан / Орташа айлық жалақының 8-9%.
https://24.kz/kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через