Қандай кофе жүрекке қауіпсіз

Қандай кофе жүрекке қауіпсіз
фото: pixabay.com

Кофе - көпшіліктің сүйікті сусындарының бірі. Ғалымдар бұл сусын диабет, онкология, жүрек аурулары, депрессия, өт-тас патологиясы, Паркинсон секілді ауру қаупін төмендететінін дәлелдеі, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы. 

Бұдан басқа, кофеин адамды сергітеді, жұмысқа құлшынысыңызды арттырады және спорттық жетістіктерге жетуге көмектеседі. Бұл сусынды күніне 230 мл-ден артық ішпеген жөн. Алайда кофеинге сезімтал адамдар сақ болғаны дұрыс, өйткені, бұл сусын елеулі жанама әсерлерді тудыруы мүмкін. Артық ішсеңі алаңдаушылық, тітіркену және жалпы психикалық қолайсыздық тудырады, деп атап өтті Стокгольмдегі Каролин институтының фармакология профессоры Бертил Фредхольм. 

Фото: pixabay.com.

  Швеция ғалымдары кофемашина арқылы дайындалатын сусындарды егжей-тегжейлі зерттеп, жүрек саулығына ең қауіпсіз кофе түрін анықтады. Бұл туралы sciencefocus.com басылымы жариялады.

Жаңа зерттеудің (Nutrition, Metabolism and Cardiovascular Diseases журналында жарияланған) авторларының бірі доктор Дэвид Иггманның айтуынша, кейбір кофе түрлері холестерин деңгейін көтеретіні бірнеше онжылдық бұрын белгілі болған.

Зерттеу нәтижесінде сүзгіден өтпеген немесе кофемашинада дайындалған кофеде кафестол мен кахвеол болатыны анықталды. Бұл заттар холестерин деңгейін арттырады. 

Ал сүзгіден өткен кофе құрамында холестерин деңгейін көтеретін заттар әлдеқайда аз болады. Сондықтан бұл түрі қауіпсіздеу саналады.

Фото: pixabay.com.

Сонымен қатар, зерттеуде кофемашиналардың сұйық модельдері де жақсы таңдау екені көрсетілді. Бұл құрылғыларда дайындалған сусын сұйық кофенің концентратын ыстық сумен араластыру арқылы алынады. Нәтижесінде дитерпені өте аз, яғни қағаз сүзгі арқылы сүзілген кофе секілді пайдалы сусын шығады.

Күніне қанша шыныаяқ кофе ішетініңізге қарамастан, сіз кофенің белгілі бір дозасына үйренесіз, онсыз сіз бірқатар ыңғайсыздықты сезінесіз. Осы себеппен кейбіреулер кофе тудыратын ләззат сезімін  есірткіге тәуелділік секілді сезімге жатқызуға болады деп санайды.  Дегенмен, «бақыт гормоны» серотониннің бөлінуі шоколадты жегеннен кейін де байқалады. Бұл өнімдерді есірткіге жатқызу асыра сілтеу секілді. Ал енді тәуелділікке келетін болсақ, кенеттен кофе ішуді тоқтатқанда пайда болатын тітіркену мен бас ауруының жағымсыз белгілері әдетте тез жоғалады.