Қай аймақта некеге жиі тұрады

Қай аймақта некеге жиі тұрады
фото: https://www.istockphoto.com/

       Өткен жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. 
Қай аймақта некеге жиі тұрады.

       — 1000 адамға шаққандағы жалпы некелесу коэффициенті — 6,13. Некенің ең жоғары коэффициенті Астанада — 7,34, Алматы облысында — 6,98 және Ұлытау облысында — 6,70. Ең азы-Батыс Қазақстан облысында, ондағы көрсеткіш 5,58 құрады, — делінген хабарламада.

       Өткен жылы үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған, ал алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде — 27,9 жас, әйелдерде — 25,2 жас болды. Жалпы қиылған некенің 18,2% — аралас неке.

       Некеге тұрған қыздардың 41%-ында жоғары білім болған, ерлердің 38%-ы ЖОО-да оқыған.

       Айлар бөлінісінде ең көп неке шілде айында тіркелген — 13 739, ең азы — мамырда (8453).