Пойызда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберген

Пойызда босанған әйел сәбиін терезеден лақтырып жіберген
фото: https://pixabay.com/ru/

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

20 сәуірде Қызылорда-Астана пойызында жантүршігерлік оқиға болды. Әйел бала туып, оны пойыз вагонының терезесінен лақтырып жіберген.

Қайғылы оқиға Қарағанды маңында болған. Жолсерік дәретханада едендегі қанды көріп, оны жуа бастаған. Жолаушылардың бірі қанның ізімен жүріп, купеде төсегі қан болған әйелді байқайды.

Қыз өзі босанғанын мойындап, жаңа туған сәбиін пойыз терезесінен лақтырып жібергенін айтқан.

Жаңа туған нәресте өлі күйінде табылды.

"Бұл факт бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның шеңберінде тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал "Қазақстан темір жолы" бұл жағдай "Жолаушылар тасымалы" пойызында болмағанын мәлімдеді. Компанияның мәліметінше Қызылорда – Астана бағдарына қызметін Көлік министрлігі реттейтін үш жеке тасымалдаушы қызмет көрсетеді.

ҚазАқпарат