Мопедтерді 5 сәуірге дейін тіркеп үлгеру үшін ХҚКО-лар жұмыс уақытын ұзартты

Мопедтерді 5 сәуірге дейін тіркеп үлгеру үшін ХҚКО-лар жұмыс уақытын ұзартты
фото: https://pixabay.com/ru/

5 сәуірден бастап Қазақстанда мопедтер ресми түрде автокөліктерге теңестіріледі, заң бұзушылықтар үшін айыппұл қарастырылады

Қазақстанда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары барлық мопедті 5 сәуірге дейін тіркеу үшін жұмыс уақытын ұзартты.

"Біз халыққа қызмет көрсету орталықтарынан өтініш білдіргендердің барлығын тіркеуге алу үшін жұмыс уақытын ұзартуды сұрадық. Осы уақыт өткеннен кейін бұл адамдар заңды түрде жүре алмайды", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Ол айып тұрақтарында заңсыз мопедтердің барлығына орын табылатынын атап өтті.

5 сәуірден бастап Қазақстанда мопедтер ресми түрде автокөлікке теңестіріліп, заң бұзушылықтар үшін айыппұл қарастырылады.

ҚазАқпарат