
фото: С. Хусайнованың жеке парақшасынан
Қазақ қыздарының әрбір жетістігіне қуанамын. Ал енді, өзге елде өзін мойындатып, қазақтың атын шығарып жүрген қыздар мықты ғой, иә! Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Dana. The World Citizen» деректі фильмінің тұсаукесерінен осындай әсермен шықтым.
Фильм кейіпкері - әлемдік киноиндустрияда өз жолын салған алғашқы қазақ қызы Дана Зивашева. Қызмет жолын Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесінде бастаған ол 80-нен астам елде коммуникациялық жобаларды жүзеге асыруға тікелей атсалысқан. Таяу Шығыс пен Солтүстік Америкада тұратын этникалық аз халықтардың мәдениетін зерттеп, сол тақырыптарды фильмдеріне арқау еткен. Тіпті «Өмірдің қорғандары» (Defenders of Life) толықметражды фильмі халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болып қана қоймай, сол елде ерте некеге тұруға тыйым салатын заң шығуына себепкер болған. Бұл қазақ қызының ащы ақиқатты жаһан жұртшылығының жетесіне жеткізе білгендігі емес пе!
Ал фильмнің авторы - журналист, «Болашақ» түлегі Мәншүк Шымырбай. Ол Дананың өмірі арқылы қазақ қызының рухани болмысын, әлемдік деңгейдегі миссиясын жеткізе білген.
Осындайда «Мен қазақ қыздарына қайран қалам...» дегенді еріксіз еске аласың. Шынымен де, қазақ қыздары әлемді мойындатуда.
Дананың жат жерде оқып жүрген қазақ жастарын қолынан келгенінше қолдап жүретіні де керемет қасиеттерінің бірі.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через