Марк Цукерберг Instagram, WhatsApp-тан бас тарта ма?

Марк Цукерберг Instagram, WhatsApp-тан бас тарта ма?
фото: pixabay.com

АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясы (FTC) Facebook және Instagram әлеуметтік желілері мен WhatsApp мессенджеріне иелік ететін Meta компаниясын монополиялық әрекетке барды деп айыптайды, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы. 

14 сәуірде компания басшысы Марк Цукерберг осы талап бойынша сот отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Reuters.

 АҚШ Федералдық сауда комиссиясының пайымдауынша,  Meta 2012 жылы Instagram және 2014 жылы WhatsApp-ты жақын адамдарымен хабар алмасу үшін пайдаланылатын платформаларда Facebook-пен бәсекелесу үшін сатып алған. Сондықтан комиссия Meta компаниясынан Instagram мен WhatsApp-ты сатуды талап етеді.

 Цукерберг бұл айыптауларды жоққа шығарды. Оның атап өтуінше, енді пайдаланушылар достарымен жазбалар арқылы емес, жеке хабарламамен жиі бөліседі. Оның айтуынша, Facebook желісіндегі контенттің 20%-ы және Instagram-дағы контенттің 10%-ы ғана пайдаланушылардың достары, қалғаны қызығушылық танытқан аккаунттар арқылы жасалады.

Фото: pixabay.com.

 Компания өзінің бәсекелестері қатарында TikTok, Snapchat, Reddit және LinkedIn атап отыр.

 Reuters жазғандай, Meta Instagram-нан айырылса компанияның кірісі айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Emarketer зерттеу фирмасының мәліметі бойынша, Instagram осы жылы АҚШ-тағы жарнамадан 37 миллиард доллар табыс табады деп болжағады. Бұл елдегі Meta жарнамалық кірісінің жартысына тең.

 The New York Times ақпарат көздері сәуір айының басында Цукерберг сот ісін реттеу үшін Ақ үйге хабарласып, президент Дональд Трамппен және оның көмекшілерімен бұл туралы сөйлескенін хабарлады.

 Айта кетсек, айық, Meta компаниясы Instagram-ды 2012 жылы 1 миллиард долларға, WhatsApp-ты 2014 жылы 19 миллиард долларға сатып алған болатын. Дегенмен, 2018 жылдың өзінде Цукерберг билік тарапынан ықтимал қысымды болжап, компания бұл активтерден бас тартуға мәжбүр болуы мүмкін екенін болжаған еді.