Күмәнді темекі өнімдерінен сақ болыңыз!

Күмәнді темекі өнімдерінен сақ болыңыз!
фото: pixabay.com

Шығу тегі күмәнді темекі өнімдерін сатып алу кезінде сақ болыңыздар! Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті осылай мәлімдеді.

Тауарлардың заңды немесе заңсыз өнім екенін смартфон арқылы анықтауға болады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.

Темекі өнімдеріне (сәйкестендіру құралдарына) салынған кодтардың түпнұсқалығын «NAQTY ONIM» мобильдік қосымшасының көмегімен тексеруге болады.

 Егер азаматтар акцизделетін өнімді заңсыз өткізу оқиғасы бойынша Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Бөгенбай батыр көшесі, 132 мекенжайы бойынша немесе 8 708 765 38 22 телефоны бойынша хабарлай алады.

Сапасыз өнім азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін естен шығармаңыз!

Сәуірдің 2 күні Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тексеру іс-шаралары барысында контрафактілік темекі өнімдерінің заңсыз айналымын анықтады. Кодтары жоқ (сәйкестендіру құралдары) және анықталмаған үлгі кодтары бар 18 603 қорап темекі табылды. Заңсыз өнімнің жалпы құны шамамен 17 млн. теңге.

Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Алматы қаласының сот органдарына жіберілді. Бұл бұзушылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.