
фото: © AFP 2024 / JACK GUEZ
Қазақстан 20-дан астам мемлекетпен сотталған адамдарды беру туралы келісім рәсімдеген
Сенат депутаттары Қазақстан мен Кипр арасында сотталған адамдарды беру келісімін ратификациялау туралы заңды мақұлдады.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, қазіргі кезде Кипрде сотталған қазақстандықтар жоқ. Ал келісім “алдын ала рәсімделіп отыр”. Болашақта ондай адамдар болса, Қазақстан мен Кипр жазаны немесе жазаның қалған мерзімін өз мемлекетінде одан әрі өтеу үшін сотталған адамдарды бір-біріне беретін болады. Осы жұмысқа бас прокуратура жауапты. Бүгінде Қазақстан 20-дан астам мемлекетпен сотталған адамдарды беру туралы келісім рәсімдеген. Олардың ішінде Үндістан, Түркия, Иран, Италия, Испания, Венгрия және тағы басқа елдер бар.
“Биыл біз Израильмен, Мысырмен және Қатармен тура осындай келісімшарттарды рәсімдеуді жоспарлап отырмыз”, - деді Қойгелдиев сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, бүгін бас прокуратура іздеуде жүрген қазақстандықтардың санын да жариялады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через