iPhone бағасы үш есе қымбаттауы мүмкін

iPhone бағасы үш есе қымбаттауы мүмкін
фото: pixabay.com

 ҚХР-нан АҚШ-қа тауар экспорттауға 104% баж салығы салынады. Мұндай сауда тарифі АҚШ-та ғана емес, бүкіл әлемде де iPhone бағасына әсер етеді, себебі компания өнімдерінің басым бөлігі Қытайда шығарылады, деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан".

Жаңа жаһандық сауда соғысы  электроника бағасын шарықтатып жіберуі ықтимал. Бұған Дональд Трамптың тариф саясаты себеп. Компания акцияларының құны 22 пайызға төмендеген. Салдарынан табысы 750 млрд долларға қысқарып, капиталы 2 трлн 590 млрд долларға дейін құлдырады. 

Егер Apple өндірісті Азиядан АҚШ-қа ауыстыруды шешсе, iPhone бағасы үш есеге қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы CNN Wedbush Securities қаржы компаниясының талдаушысы Дэн Айвзаға сілтеме жасай отырып жазды. Смартфонның құны шамамен мыңнан 3,5 мың долларға дейін артады.

Сарапшының айтуынша, АҚШ-қа жеткізу тізбегінің оннан бір бөлігін ғана ауыстыру үшін үш жыл және шамамен 30 миллиард доллар инвестиция қажет болады. Өндiрiске және жаңа өндiрiстiк қуаттарды құруға арналған жоғары шығындар түпкiлiктi өнiм құнына әсер етедi.

Фото: pixabay.com.

Енді ((Microsoft)) МАЙКРОСОФТ көш бастады. Компания капиталы - 2 трлн 640 млрд-қа тең.  Ірі технологиялық компаниялардың ішінде Apple қатты зардап шекті.  Өйткені компания өндірісі Қытайға тәуелді, деп жазды 24 kz. 

Сондай-ақ Үндістан, Вьетнам және Таиландта да зауыттары бар. Ал Дональд Трамп ең көп баж салығын осы елдерге енгізген. Сондықтан сарапшылар айфондардың бағасы еселеп қымбаттайды. Өйтпеген жағдайда Apple-дің табысы едәуір қысқарады, дейді.

Иә, жаңа жаһандық сауда соғысы  электроника бағасын шарықтатып жіберуі ықтимал. Тіпті мамандар ең арзан iPhone маркалы телефонның құны 2000 долллардан асады деп болжайды. 

Қытай ең ірі техника өндіруші, бірақ бұл мемлекетте 10 сәуірден бастап баж салығын енгізіп отыр. Сондай-ақ техниканы тасымалдауда да кедергілер туындайды. 

Тығырықтан шығудың жолы бар ма?

Теориялық тұрғыдан алғанда, Apple өз бизнесін бөліп, аймақтар бойынша шартты айфондарды сата алады. Баж салығы тек АҚШ-қа әкелінген кезде ғана қолданылады ғой, демек, Қытайда iPhone жинап, оны бірден Азия елдеріне алып баруға болады. Ал американдықтардың баратын жері жоқ, олар өз елінен сол құрылғыларды жоғары бағамен сатып алады.

Мұның артықшылықтары:

- Әлемнің көптеген елдерінде iPhone бағасы көтерілмейді
- Apple АҚШ-тан тыс жерлерде жанкүйерлердің адалдығын сақтайды
- Тек АҚШ-қа арналған техникадан ғана баж төлеуге тура келеді.