Балаларға арналған ақылды sim-карта

Балаларға арналған ақылды sim-карта
фото: pixabay.com

Алматыда «SIM KIDS» балаларға арналған сим-карталар сынақтан өткізіліп жатыр. Бұл жоба Қазақстанның байланыс операторымен бірлесіп пилоттық режимде іске қосылды. Бұл туралы "Сппалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бас прокурор Берік Асыловтың сөзінше, мұндай сим-карталар балаларды суицид, порнография, есірткі, онлайн-казино сынды интернет-қауіптерден қорғау функцияларымен жабдықталған. Осы арқылы ата-ана баласының әлеуметтік желідегі әрекетін бақылай алады. 

Бұл жоба қазірдің өзінде көптеген ата-ананың қызығушылығын тудырып отыр. Егер сынақ сәтті өтсе, мұндай SIM карталары бүкіл елде қолжетімді болады, дейді ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.

Бас прокурор қауіп-қатер нақты өмірде ғана емес, цифрлық әлемде де болуы мүмкін екенін, дер кезінде  оның алдын алуды өте маңызды екенін еске салды. Ол ата-аналар балаларының көңіл-күйіне, кіммен сөйлесетініне және не қызықтыратынына мұқият болу керек екенін айтты.

Тестілеу аяқталғаннан кейін бұл SIM-карталар барлық ата-ана үшін қолжетімді болмақ.

Балалар үшін қандай SIM картасы жақсы?

ParentShield SIM карталарында пайдаланушының минуттары немесе мәтіндік хабарлары бітсе де, кез келген уақытта қоңырау шалуға немесе мәтіндік хабар жіберуге болатын екі «үй нөмірі» бар. 

Балаларда әрқашан үйге қоңырау шалу немесе хабарлама жіберу мүмкіндігі болуы керек. Үй нөмірлері қалалық немесе ұялы телефон болуы мүмкін.