Байқоңырда ғарыш айлағына кірмек болған төрт шетелдік ұсталды

Байқоңырда ғарыш айлағына кірмек болған төрт шетелдік ұсталды
фото: https://pixabay.com/ru/

Ұсталғандар Испания мен Австралия азаматтары

Құқық қорғау органдары Испанияның үш азаматы мен бір Австралия азаматын ұстады. 

Олар "Боран" ғарыш кемесіне кіріп жатқан жерінде ұсталған.

"Бүгін түнде Байқоңыр ғарыш айлағының монтаждау-жанармай құю кешеніне үш испандық пен австралиялық азамат ұсталды", - деді дереккөз. Қазіргі уақытта ұсталғандардан жауап алынып жатыр.

ҚазАқпарат