Бабаларымыз бойымызға рухани иммунитетті егіп кеткен. Болат Қорғанбек

Бабаларымыз бойымызға рухани иммунитетті егіп кеткен. Болат Қорғанбек
фото: Сапалы Қазақстан

 Бүгінгі таңда көзі ашық, санасы ояу әрбір ұлтжанды азаматтың міндеті –ұлттық құндылығымызды сақтай отырып әлемдік қауымдастыққа кірігу. Егер қорғай алмасақ жаһандануға жұтылып кетеміз. Себебі, ұлттық құндылық – ұлттың тірегі!

Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығы. Осынау темірқазығымыз жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.

 Ұлттық құндылықтар арқылы азаматарымыздың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігі артады, олардың рухани-адамгершілік қасиеттері дамиды. Бұл құндылықтарды сақтау және дамыту әрбір адамның міндеті, дейді филология ғылымдарының кандидаты, профессор, фольклортанушы Болат Қорғанбек.

Бүгінгі таңда жастардың бойына ұлттық кодымызды қалай сіңіруіміз керек? Ұлттық құндылықтарымызды сақтасамақ болашамыз қалай болмақ? Осы және өзгеде сұрақтарды «Өзекті мәселе» бағдарламасының бүгінгі қонағы Болат Қорғанбеккке қойған едік.