
фото: https://pixabay.com/ru/users
Алматыдағы ботаникалық баққа аққулар қайта оралғаны белгілі болды.
"Аққуларымыз қыстан аман шығып, оларды ботаникалық баққа қайтарғанымызды қуана хабарлаймыз. Бұл сымбатты құстар біздің әсем тоғанымызға келіп, ботаникалық бақтың атмосферасына бұрынғыдан да сұлулық пен үйлесімділік қосты", - делінген хабарламада.
Дегенмен, аққулар мен балықтарды азықтандыруға тыйым салынғаны ескертілді.
"Бізде тоғандағы құстар мен балықтардың денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасайтын кәсіби мамандар тобы бар. Мамандар тағамның қажетті мөлшері мен сапасын дер кезінде қамтамасыз ете отырып, олардың рационын қатаң бақылайды. Бақыланбайтын мөлшердегі зиянды тағам аққулар мен балықтардың денсаулығына байланысты проблемаларға әкелуі мүмкін.
Аққуларымыз бен балықтарымызды бірге бағып, оларға қолайлы жағдай жасайық. Түсіністік пен қолдау көрсеткеніңізге рахмет", - делінген хабарламада.
https://kaz.tengrinews.kz/tengritravel/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через