
фото: Алматы облысының аймақтық коммуникациялық қызметі
Сот қарыз алушылардың 130 кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырды
Алматы қаласында алты микроқаржы ұйымының заңсыз қызметі әшкереленді.
Алты микроқаржы ұйымы бір құрылым ретінде жұмыс атқарған. Барлығы бір кеңсені пайдаланған. Ол жерде 200-ден астам қызметкер жұмыс істепті. Ал олардың жұмысын шетелдік азаматтар бақылаған.
"Сот қарыз алушылардың 130 кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырды, осылайша азаматтар міндеттемелерден босатылды, ал микроқаржы ұйымдары алынған қаражатты қайтаруға міндеттелді", - делінген ресми хабарламада.
Бір құрылым болып істеген микроқаржы ұйымдарының әрекетінен 327 мыңнан астам адам зардап шекті, келтірілген залал 30 млрд теңгені құрайды.
Қазіргі кезде Алматы қаласының прокуратурасы 327 мың азаматтың мүддесі үшін сотқа арыз түсірді. Ал қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шешімімен екі компания микроқаржылық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырылды, сондай-ақ тағы төрт аффилирленген микроқаржы ұйымына қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через